Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев ресми сапармен Ресейге барды

Алиев: Таулы Қарабах мәселесінде өкінішке орай назар аударарлық бір нәтиже шықпады.

Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев ресми сапармен Ресейге барды

Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев Таулы Қарабах мәселесінде өкінішке орай назар аударарлық бір нәтиже шықпағанын білдірді.

Алиев ресми сапармен барған Ресейде Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.

Әзірбайжан президенттік аппаратынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Алиев 2019 жылдың Ресей-Әзірбайжан сауда-саттық қарым-қатынастары тұрғысынан табысты өткенін, ағымдағы жылдың соңына дейін сауда көлемін 25 пайызға жеткізетіндерін білдірді.

Қатынас саласында да жақсы нәтижелерге қол жеткізгендерін, жақында Самур өзені үстіне салынған көпірдің ашылатынын еске салған Алиев Ресей-Әзірбайжан ынтымақтастығында динамиканың сақталғанын жеткізді.

Таулы Қарабах мәселесіне тоқталған Алиев «Өкінішке орай назар аударарлық бір нәтиже шықпады. Мұның басты себебі Армения әкімшілігінің өнімсіз жеткіліксіз саясаты, әсіресе де Арменияның Қарабахтың өздерінікі екені жайлы мәлімдемесі. Осы қызық мәлімдемеге әрі сіздер, әрі басқа елдердің тең төрағалары қайтарған жауапқа ризамын. Біз Минск тобы тең төрағаларымен ынтымақтастықты жалғастырамыз. Жақын арада Әзірбайжан мен  Армения сыртқы істер министрлері бас қосады. Келіссөз кезеңіне қатысатыныңызға кәміл сенеміз» деді.

Сыртқы істер министрі Лавров болса Ресей мен Әзірбайжан арасындағы сауда көлемін жылдам арттырып, ағымдағы жылдың соңында сауда көлемін 3 миллиард долларға жеткізетіндерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар