Әзірбайжан парламенттің күшін жою ниетінде

Әзірбайжанда билік басындағы Жаңа Әзірбайжан партиясы парламенттің күшін жоюы үшін парламентке өтініш берді.

Әзірбайжан парламенттің күшін жою ниетінде

Әзірбайжанда билік басындағы Жаңа Әзірбайжан партиясы парламенттің күшін жоюы үшін парламентке өтініш берді.

Жаңа Әзірбайжан партиясының Бас хатшысы Али Ахмедов ұйымдастырған баспасөз мәслихатында Партия Саяси кеңесінің ұсыныс шешіміне сай партия мүшесі депуттардың парламенттің күшін жоюы үшін парламентке өтініш бергендерін білдірді. 

Президент Ильхам Алиевтің реформа саясатын қолдау мақсатымен осындай бір шешім қабылдағандарын білдірген Ахмедов шешімнің елдің дамуына үлкен есе қосатынын айтты.

Елде көптеген салада реформа жасалғанын және жастардың міндетке келгенін ескерткен Ахмедов заң шығару органдарының осы реформадан сырт қалмауы керек деп ойлайтындарын дәріптеді.

Партия мүшесі депутаттардың шешімі парламентте талқыланады және қабыл алынса, президент Алиевке жолданады.

Әзірбайжанда парламент сайлауы 2015 жылы 1 қарашада өткен және президент Алиев төраға болған Жаңа Әзірбайжан партиясы 125 мүшелік парламентте 71 орынды иелеген. Келесі парламент сайлауының 2020 жылы қарашада өткізілуі күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар