Бакуде түрік фильмдері апталығы

Шымылдықты режиссер Шүкрү Алачамның «Лоджман» атты фильмі ашты.

Бакуде түрік фильмдері апталығы

Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде 5-ші Түрік фильмдері апталығы басталды. Шымылдықты режиссер Шүкрү Алачамның «Лоджман» атты фильмі ашты.

«Низами» кино орталығында басталған шарада Түркиядан көптеген актер,  режиссер, сценарист және продюссер орын алды.

«Жергілікті ой» атты қоғамның төрағасы Метин Гүндоғду беташарда сөз сөйлеп,  Әзірбайжанда түрік фильмдеріне қызығушылықтың артқанын айтты. Ол Түркияда қойылымға енген фильмдердің барлығының Әзірбайжанда көрсетілгенін баса айтты.

Гүндоғду Әзірбайжан кинематографиясының да Түркияда таныстырылуы керектігін білдірді.

29 қараша күніне дейін жалғасатын апталықта Баку халқы мен қала қонақтары түрік фильмдерін тегін тамашалайды.



Ұқсас жаңалықтар