Назарбаевтен Путин мен Зеленскийге Қазақстанда кездесу ұсынысы

Назарбаев Ресей президенті мен Украина президенті арасында кездесу ұйымдастыруға тырысып жатқанын айтты.

1305100
Назарбаевтен Путин мен Зеленскийге Қазақстанда кездесу ұсынысы

Қазақстанның тұңғыш президенті, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина дағдарысының шешімі жайлы Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскийге Қазақстанда кездесуді ұсынды.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский арасында кездесу ұйымдастыруға тырысып жатқанын айтты. 12 қарашада Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан «Astana club» жиынында сөйлеген Назарбаев Зеленскийдің кездесуге келіскенін, Путиннің бұдан хабардар екенін айтты.

Назарбаев Украина дағдарысының шешімі жөнінде Ресей мен Украина президенттерінің жеке кездесуін ұйымдастыру қажеттігін атап, «Барлық тақырыптарды талқылау үшін осындай бір мүмкіншілік болып болмағанын жөнінде тараптармен әңгімелестім. Зеленский өз келісімін берді. Оны Путинге айттым. Енді, көреміз, бейтарап аймақ керек болса, ол кездесуді Қазақстанда өткізуге болады", - деп толықтырды Елбасы.



Ұқсас жаңалықтар