Тәжікстан-Өзбекстан шекарасындағы әскери бекетке шабуыл жасалды

Тәжікстанның Өзбекстан шекарасындағы полиция бекетіне шабуылда 2 тәжік әскері қаза тапты.

1301272
Тәжікстан-Өзбекстан шекарасындағы әскери бекетке шабуыл жасалды

Тәжікстанның Өзбекстан шекарасындағы полиция бекетіне 20 кісілік қарулы қандықолдардың шабуыл жасауы салдарынан 2 тәжік әскері қаза тапты.

Тәжікстан Шекараны қорғау одағының ақпарат орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда жергілікті сағат 03.23-те "Сұлтанабад" әскери жасақтарының Ишкобад шекара бекетіне 20 кісілік бетіне перде таққан қарулы адамдар тобы шабуыл жасаған.

Қақтығыстарда шабуылшылардан 15 кісінің көзі жойылғаны, 5 кісінің ұсталғаны білдірілді.

Қарулы шабуылға байланысты тергеу ісі қозғалды.



Ұқсас жаңалықтар