​​​​​​​Қазақстан - құс тұмауы жоқ ел

Қазақстан Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы тарапынан құс тұмауы жоқ ел деп жарияланды.

1293336
​​​​​​​Қазақстан - құс тұмауы жоқ ел

Қазақстан Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы тарапынан құс тұмауы жоқ ел деп жарияланды.

Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінен жасалған мәлімдемеде аталмыш мәртебенің Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ветеринарлық (мал дәргерлік) ұйымдарының еңбегімен қолға келгені атап көрсетілді.

Құс шаруашылығы саласы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің маңызды құрамдас бөлігі екені дәріптелген мәлімдемеде:

"Қазақстанға құс тұмауынан таза ел мәртебесінің берілуі Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық қуатын іске асыруына үлкен мүмкіндік береді, елдің экономикалық дамуы мен абыройын арттыруға оң әсерін тигізеді" деп көрсетілді.

Дүниежүзінде жануарлардың денсаулығын жақсартуға жауапты Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының орталығы Францияның астанасы Париж қаласында тұрады.



Ұқсас жаңалықтар