Түрік дүниесі деректі фильм фестивалі аяқталды

Қазақстанның танымал актері Асанәли Ашимовқа Түркі әлемі өмір бойы құрмет марапаты берілді.

Түрік дүниесі деректі фильм фестивалі аяқталды

Түрік дүниесі журналисттер федерациясы ұйымдастырған Түрік дүниесі деректі фильм фестивалі сыйлықтары Стамбулда табыс етілді.

TRT қолдау берген фестивальде Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Македония, Венгрия, Босния-Герцеговина және Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан келген деректі фильмдер жарысты.

Фестивальде «Йүзлешме» (Майдандасу) атты фильмімен Неджла Демирджи бірінші орын алды. Студенттер категориясында болса Қырғызстаннан Айдана Топчубаева «Аяна» атты фильмімен бірінші орынды иеледі.

Қазақстанның танымал актері Асанәли Ашимовқа Түркі әлемі өмір бойы құрмет марапаты берілді.



Ұқсас жаңалықтар