Жээнбеков түрік іскерлерді еліне шақырды

Қырғызстан президенті Түркияның Қырғызстанға 600 миллион долларлық инвестиция салғанын айтты.

1275105
Жээнбеков түрік іскерлерді еліне шақырды

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Түркияның Қырғызстанға 600 миллион долларлық инвестиция салғанын айтты.

Бішкекте өткен Қырғызстан-Түркия Бизнес форумына Қырғызстаннан министрлер мен депутаттар,  Түркиядан Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Сердар Чам, Этноспорт Конфедерациясы төрағасы Билал Ердоған, екі елдің іскерлері қатысты.

Президент Жээенбеков осында сөйлеген сөзінде: «Президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуде екі ел сауда айналымын қазіргі 400 миллион долларлан 1 миллиард долларға көтеруді көздеген мүмкіндіктерді талқыладық.  Сондықтан осы мақсатқа қарай қадам басуымыз керек» деді.

Түрік іскерлерін Қырғызстанда қатынас, энергия,  коммуникация технологиялары және туризм саласына инвестиция салуға шақырған президент: «Түрік іскерлерін шақырамын.  Түрік іскерлерге барлық қақпалар ашық, түрік серіктермен ынтымақтастықты жан-жақты тереңдетуді мақсат етеміз» деді.

Сооронбай Жээенбеков Қырғызстанның ет,  бал,  жаңғақ, фасоль және кептірілген жеміс түрлерін Түркия нарықтарында көргісі келетіндерін атап көрсетті. «Қырғызстанда жаңа фирманы тіркеу тек үш күндік іс.  Жаңа фирмалар үш жыл бойы салықтан босатылған. Елде ірі қалалар тысында кәсіпорын ашатындардан 5-10 жыл ішінде салық алынбайды. Технология импорттайтын фирмалар да кеден салығынан босатылған» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар