СКТР президенті Анастасиадиске наразылық білдірді

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Мұстафа Акынджы әлеуметтік медиадан мәлімдеме жасады.

1274258
СКТР президенті Анастасиадиске наразылық білдірді

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Мұстафа Акынджы Кипр Понти Әкімшілігі басшысы Никос Анастасиадистің Лондон баяндамасының саяси тепе-теңдік  аясында бірігу ізденістерінен мүлдем алыс екенін түсіндірді.

Акынджы Анастасиадистің Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда жасаған бір баяндамасына әлеуметтік парақшалардан жауап қайтарды.

«Құрметті Анастасиадистің Лондон баяндамасы қайтадан саяси тепе-теңдік  аясында бірігу ізденістерінен мүлдем алыс» деген Акынджы «Понти басшысының өткен кезеңдерде жасалған келіссөздерді жоққа санап, тұрақты шешімге ықпалды қатысу процесіне залал келтіруші сөйлемдерін жалғастырғанын байқаймыз» деді.

Акынджы Кипрлық түріктердің бұрынан келе жатқан заңды сұранысын Түркияның қысымы ретінде көрсетудің Анастасиадистің қолдау алу әрекеті екенін атап, «Қиыншылықтарымыз көп және бір жақты емес. Жан-жақтан келген қиыншылықтарға қарсы күресудеміз. Кипр түрік халқының тепе-теңдікті, еркіндік және қауіпсіздік аясында өзіне тән куәлігі және мінез-құлқымен халықаралық заңдар негізінде болмысын жалғастыру құқығын қорғау табандылығын БҰҰ Бас хатшысымен қолға алуға барамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар