Азия елдерінің  жазушылары Қазақстанда бас қосты

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда Бірінші Азия елдері жазушылар форумы өтті.

1264908
Азия елдерінің  жазушылары Қазақстанда бас қосты

Азия елдерінің  жазушылары Қазақстанда бас қосты.

Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда Бірінші Азия елдері жазушылар форумы өтті.

EXPO Конгрес орталығында ұйымдастырылған форумға 38 елден 300-ге жуық жазушы қатысты.

 Форумның беташарын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасады.

Президент Тоқаев «Бүгінгі форум адами әлеуетті дамыту қажеттігін көрсетеді. Сондықтан біз рухани дамуымыз керек. Осыған байланысты сіздердің еңбектеріңіз Азия мәдениетінің дамуына үлес қосып келеді деп айтқым келеді. Мұндай іс-шараны біз үнемі өткізуіміз керек деп ойлаймын. Менің ойымша, әдеби процестерді жаңғырту, дамыту қажет» деді.  

Президент Тоқаев «үлкен Азия» әдеби сыйлығын тағайындау керектігін айтты және сонымен қатар «Азия жазушылары» бірыңғай электрондық кітапханасын құру қажеттігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар