Қырғызстан президенті Сауранбай Жиенбеков қауіпсіздік кеңесін жинады

Қырғызстан президенті Сауранбай Жиенбеков экс-президент Атамбаевтың Атазаң және құқықтың үстемдігін таптағанын атап көрсетті.

Қырғызстан_Almazbek Atambayev.jpg
Kırgızistan_Sooronbay Ceenbekov.jpg

Президенттік аппараттың баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Жиенбековтың қонақжайлығында бүгін Қауіпсіздік Кеңесі жиналды.

Жиналыста сөз алған президент Атамбаевтың заң бойынша тергеу шараларын іске қосылуына қару қолданып қарсы шыққанын және қырғыз Республикасы Атазаңды бұзғанын атап көрсетті.

Жиенбеков Қырғызстанның заңды бір мемлекет екенін атап, мемлекеттің міндетінің бүкіл азаматтар үшін заңдардың орындатылуын және бағыныштылығын қамтамасыз ету керектігін білдірді.

Президент құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау үшін барлық шараларды қабылдау керектігіне назар аударды.

Бұрынғы президенті Атамбаев болса бүгін азанда үйінің алдында жиналған жақтастарына үн қатып, жиналуға шақырды.

Атамбаев «Қолдаушыларымның шақыруымен «Forum Plaza» (Әлеуметтік демократтар партиясы бас ғимараты орналасқан жер) алдында бүгін жергілікті уақытпен 16:30-да жиналамыз» деді.

Атамбаев кеше үйіне жасалған операциямен байланысты «Мұның алдында қарумен жауап қайтаратынымды ашық айттым. Олар ескертулерімді елемеді. Осы жерде қару тек қана мен де бар. Азаматтардың қолдарында қару жоқ. Кеше қару қолдандым» деді.

Операцияға биліктің жауапты екенін атап көрсеткен Атамбаев «Forum Plaza» алдында жиналған соң президенттік сарайға қарай шеруге шығатындарын атап көрсеткен болатын.

Мәжіліс мәлімдемешісі Ибраим Нурақун ұлы болса әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемеде Мәжіліс жалпы кеңесін жедел түрде жинайтынын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар