Ердоған Түркияның Қырымның заңсыз басып алынуын танымағанын және танымайтынын айтты

Ердоған Анкараға келген Украина президенті Зеленскиймен ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Ердоған Түркияның Қырымның заңсыз басып алынуын танымағанын және танымайтынын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Қырымның заңсыз басып алынуын танымағанын және танымайтынын білдірді.

Президент Ердоған Президенттік сарайда ресми сапармен астана Анкараға келген Украина президенті Владимир Зеленскиймен ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Баспасөз мәслихатындағы сөзінде Ердоған:

"Түркия Қырымның заңсыз басып алынуын танымады, бұдан былай да танымайды" деді.  Президент Ердоған:

"Бауырластарымыздыдң тарихи атамекені Қырымдағы болмысының жалғасуы, төлқұжаттарының және мәдениеттерінің қорғалуы, негізгі құқық пен еркіндіктерінің кепілдікке алынуы бұдан былай да біздің басты тақырыбымыз болады" деп баса дәріптеді. Қонақ президент Зеленский де Ердоғанға Түркияның Қырым мәселесіндегі саясатына орай алғыс айтты.

Украина президенті Владимир Зеленский сөзінде:

"Украинаның территория тұтастығы тақырыбындағы мызғымас тұғырына орай Түркияға алғыс айтамын" деді.

Түркияны тату көрші, шынайы дос және маңызды стратегиялық ортақ деп бағалаған Зеленский Түркиямен қарым-қатынастарға ерекше мән беретіндерін тілге тиек етті.

Украина президенті:

"Түрік іскерлер әлемін Украинаға шақырамын. Жайлы жұмыстануыңыз үшін  өз атымнан кепілдік беремін" деп көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар