Бұрынғы қырғыз президент Атамбаев қауіпсіздік күштеріне берілмеді

Cаяси қол сұғылмау құқығынан айырылған Атамбаевты тергеуге алу үшін үйіне кеше операция жасалды.

atambayev operasyon1.jpg
atambayev operasyon2.jpg
atambayev operasyon3.jpg

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев өзін тергеуге алу үшін үйіне қарулы басқын жасаған қауіпсіздік күштеріне берілмеді.

Сыбайлас жемқорлықпен айыпталып, ерекше қол сұғылмау құқығынан айырылған Атамбаевты тергеуге алу үшін үйіне кеше операция жасалды.

Атамбаевті қорғайтын арнайы топ қауіпсіздік күштерімен қақтығысып, жақтастары Атамбаевтың үйін қорғауға алды.

Атамбаев қауіпсіздік күштеріне берілмеді.

Қырғызстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) арнайы мақсаттағы күштері операцияларын тоқтатып, Атамбаев өмір сүрген Шу облысына қарасты Қой-Таш ауылынан шегінді.

Ауылдағы Ішкі істер министрі орынбасары Курсан Асанов полицияның жағдайды бақылауға алғанын атап, «Барлық осы оқиғалар келіссөзбен шешіледі. Қазір осыған талпынудамыз» деді.

Осы орайда Атамбаевты жақтағандарын тілге тиек еткен жүздеген жас ауылдың кірісі мен шығысында қауіпсіздік күзетуін жалғастырған полицияға тас лақтырып қақтығысты.

Ішкі істер министрінің орынбасары Асанов ауылдың кірісінде жиналған жастарға тарқауларын ескертті. Жастар болса Атамбаевтың үйіне баруға рұқсат беріп, телефон мен интернеттің қайта қосылуын талап етті.

Сондай-ақ Қой-Таш ауылындағы елдің ең үлкен әскери базасынан көптеген сауытты және іші әскерге толы көліктердің бас қала Бішкекке бағытталғаны байқалды.

Қой-Таш ауылындағы үйінен телефонмен халыққа үн қатқан Атамбаев өзіне қолдау бергендерге алғысын білдірді. Полицияға жазбаша түсініктеме бергісі келгенін қайталаған Атамбаев «Сізге үлкен қайғымен үн қатамын. Билік атазаңды бұзып, мені тергеуге алуға тырысты. Менің үнімді өшіргісі келді. Кешкі уақытта қаруларымен келді. Алдымен резеңке оқтар артынан нағыз оқтар атылды. Өте өкініштімін және ұяламын. Атамбаев террорист емес. Маған қолдау беруге келген азаматтар террорист емес. Билік өз халқына оқ жаудырды. Билікке үн қатамын. Тоқтаңдар» деді.

Денсаулық министрлігінен жасалған мәлімдемеде операция кезінде жарақат алғандар санының 45-ке ұласқанын білдірді.

Жарақат алған Шу облыстық полиция директоры Самат Құрманқұловтың реанимацияда жатқаны және жағдайының ауыр екені атап көрсетілді.

Ауыр жарақат алған 22 жасар қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқаны білдірілді.

Қырғызстанда 2011-2017 жылдары арасында президент болып міндет атқарған Атамбаев билікті Социалистік демократтар партиясынан Сауранбай Жиенбековқа тапсырған еді.

Атамбаев Орталық Жылыну мекемесі және Тарих мұражайының жаңартылуы, көмір сатып алу тендері, қылмыстық ұйым басшысы Әзіз Батукаевты еркін жіберу, жер сатып алу және егіншілік алаңдарын құрылымдық жүйеге ашу сияқты тақырыптарда айыпталды.



Ұқсас жаңалықтар