Алмазбек Атамбаевтің үйіне қауіпсіздік күштері тарапынан операция жасалды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтің үйіне қауіпсіздік күштері тарапынан операция ұйымдастырылды.

1249661
Алмазбек Атамбаевтің үйіне қауіпсіздік күштері тарапынан операция жасалды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтің үйіне қауіпсіздік күштері тарапынан операция ұйымдастырылды.

27 маусым күні тиіспеушілік құқығы жойылған Атамбаев өткен ай куәгер мәртебесінде тергеу мақсатымен полиция орталығына үш мәрте шақырылғанымен:

"Бұл айлалы ойынға кірмеймін" деген сөздерімен қарсылық көрсеткен болатын. 

Осыған орай қауіпсіздік күштері бұрынғы президентті ұстау мақсатымен үйіне операция жасады.

Атамбаевтің үйі және маңайындағы жолдар қауіпсіздік күштері тарапынан қоршалды, бұрынғы президенттің қолдаушылары полицияға қарсылық көрсетті. 

Қауіпсіздік күштерінің Атамбаевтің үйінің алдында кезекте тұрған қолдаушыларына оқ атқаны және оқиғада жараланғандар болғаны хабарланды. 

Қырғызстанда 2011-2017 жылдары арасында президенттік міндетін атқарған Атамбаев орнын Социал демократ партиясынан Сооронбай Жээнбековқа өткізген болатын.

Атамбаев Орталық жылу беру ұйымы және Тарих мұражайының жаңалануы, көмір алу тендері, қылмыс ұйымының лидері Азиз Батукаевтің түрмеден ерте босатылуы, жер сату және егістік жерлердің құрылысқа берілуі сияқты түрліше тақырыптар бойынша айыпталды.



Ұқсас жаңалықтар