"Айдаһар Ялчын" Өзбекстан Қарулы Күштері тарапынан қолданыла бастады

Түрік сауытты қызметкерлерді тасымалдайтын көлігі "Айдаһар Ялчын" Өзбекстан Қарулы Күштері тарапынан қолданыла бастады.

1247360
"Айдаһар Ялчын" Өзбекстан Қарулы Күштері тарапынан қолданыла бастады

Түрік сауытты қызметкерлерді тасымалдайтын көлігі "Айдаһар Ялчын" Өзбекстан Қарулы Күштері тарапынан қолданыла бастады.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда астана Ташкент маңындағы Чирчик Полигонында ұйымдастырылған рәсіммен Түрік сауытты қызметкерлерді тасымалдайтын көлігі "Айдаһар Ялчын" әскери бөлімдерге тапсырылды. 

Рәсімде Өзбекстан Қорғаныс министрі Баходир Курбановтың әскери басқаруға жауапты орынбасары Айбек Исмайлов, Өзбекстан Қорғаныс өнеркәсібі Мемлекеттік комитетінің Бас директоры Каһраман Ерматов және өзбек әскери лауазымдылар қатысты.

Түрік сауытты қызметкерлерді тасымалдайтын көлігін қолданған өзбек әскерлер Түркияда өндірілген әскери көлікке өте разы болғандарын білдірді.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің 2017 жылы қазанда Түркияға сапары кезінде Өзбекстанда "Айдаһар Ялчын" Түрік сауытты қызметкерлерді тасымалдайтын көліктерін ортақ өндіру және сатуға байланысты келісім жасалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар