Президенттер шекарада бас қосты

Жээнбеков пен Рахман бірінші рет шекарада кездесу өткізді.

1243166
Президенттер шекарада бас қосты

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен Тәжістан президенті Имамали Рахман бірінші рет шекарада кездесу өткізді.

Бұл туралы Қырғызстан Президенттік аппараты хабарлады. Хабарға қарағанда,  президент Жээнбеков пен президент Рахман екі ел арасындағы шекара проблемасына шешім табу мақсатында Тәжікстанның Исфара қаласында бас қосты.

«Шекара тақырыптарын шешу мақсатында келіссөз үрдісін жылдамдатуды қалаймыз.  Шекараларымызды бейбітшілік пен молшылық қақпасына бірігіп айналдырамыз деп сенеміз» деді Жээнбеков.

Сооронбай Жээнбеков кездесу үшін Рахманға алғыс айтып,  шекара проблемасына шешім ізденісі аясындағы саяси диалогқа көңілі толғанын білдірді.

Ол үш күн бұрын шекарада болған келіспеушілікке ұқсас оқиғалардың енді қайталанбауы үшін шара қолдану керектігін баса айтты.

Екі басшының кездесуі Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында 27 шілде күні жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар