Тугрул Түркеш Қырғызстанда

Сооронбай Жээнбеков Түркияның Қырғызстан үшін бауырлас және дос ел екенін айтты.

1240940
Тугрул Түркеш Қырғызстанда

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Түркияның Қырғызстан үшін бауырлас және дос ел екенін айтты.

Қырғызстан Президенттік аппарат баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда,  президент Жээнбеков Қырғызстанға барған Әділет және даму партиясының депутаты Тугрул Түркешті қабылдады.

Кездесуде екі жақты ынтымақтастық тақырыптары қаралды.

Жээнбеков Түркияның Қырғызстан үшін бауырлас және дос ел екенін атап көрсетті.

Түркия-Қырғызстан Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналысының 4 жылдан кейін өткен жылы өткізілгенін еске салған Жээнбеков елдер арасында сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып жалғастыру керектігін білдірді.

Тугрул Түркеш болса Жээнбековқа алғысын білдіріп, парламенттер арасы диалогтың артуының екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына үлес қосқанын атап көрсетті.

Түркеш Түркияның Қырғызстанмен әрқашан көркейтуші диалогқа дайын екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар