Кипр аралында маңызды кездесу

Акынджы мен Анастасиадис 9 тамызда бас қосады.

1240222
Кипр аралында маңызды кездесу

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Мұстафа Акынджы мен Кипр понти әкімшілігі басшысы Никос Анастасиадис 9 тамыз күні бас қосады.

СКРТ президенттік аппараты Акынджы мен Анастасиадистің 9 тамыз күні сағат 10,30-да бейресми түрде кездесетінін хабарлады.

СКТР президенті Акынджы 13 шілде күні БҰҰ Кипр арнайы өкілі арқылы Анастаиадиске Шығыс Жерорта теңізіндегі көмірсутектер тақырыбында ортақ комитет құрылуын ұсынған болатын.

Акынджының ұсынысы көмірсутек тақырыбының келіспеушілік мәселесі болудан шығып,  тиімді ынтымақтастыққа айналуын мақсат етеді.

Осы ұсынысқа Кипр понти әкімшілігіндегі саяси партия басшылары қарсы шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар