Қазақстанда «Түрік фильмдері апталығы»

Қазақстанның «Ел арна» телеарнасында түрік фильмдері көрсетіле бастады.

1238426
Қазақстанда «Түрік фильмдері апталығы»

Түркия мен Қазақстан арасында фильм саласында келісім жасалды. Қазақстанның «Ел арна» телеарнасында түрік фильмдері көрсетіле бастады.

«Хабар Агенттігі» АҚ-ның құрамындағы республикалық телеарналардың бірі «Ел арна» ұйымдастырған «Түрік фильмдері апталығы» аясында 10 түрік фильмі қазақ көрермендеріне ұсынылады.

Қазақ көрермендері араларында «Махаббат пен өлім уақыты», «Суық, жаңбыр жауып тұрды», «120» және «Моммо - қарындасым» сияқты туындылар бар фильмдерді қазақша дубляжімен тамашалайды.

Түрік фильм апталығы көрсетілімі Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшілігінің қолдауымен жүзеге асуда. Түркияның Қазақстан елшісі Невзат Уянык «Мақсатымыз бұл іс-шарамен екі ел арасындағы мықты мәдени байланысқа үлес қоспақ» деді.

Қазақстанның фильм телеарнасы «Ел арна» теледидары тарапынан жүзеге асырылатын түрік фильмдері апталығы 10 күнге жалғасады. Аталмыш фильмдер Қазақстан телеканалында қазақ тілінде дубляжбен көрсетілетін алғашқы фильмдер болу ерекшелігіне ие.



Ұқсас жаңалықтар