Қазақстандағы жарылыста 2 адам ажал құшты, 89 адам жарақат алды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласының әртүрлі жарылғыштан тазаланатынын атап көрсетті.

1224725
Қазақстандағы жарылыста 2 адам ажал құшты, 89 адам жарақат алды

Қазақстанның Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімде оқ-дәрі қоймасында болған жойқын жарылыста 1 әскер барлығы 2 адам ажал құшты. Апатта 89 адам жарақат алды.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әскери аймақта бірінен соң бірі болған жарылыстарды тоқтату және халықты қауіпсіз аймақтарға эвакуациялау үшін мыңнан астам әскери маман мен полицияның жұмыстарға қатысқанын атап көрсетті.

Аймақтағы жағдайды қадағалаған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстың себебінің тексерілгенін, осы апатпен байланысты жауапкершілігі барлардың жазаланатынын, Арыс қаласының келешекте әртүрлі жарылғыштан тазаланатынын атап көрсетті.

Қазақстан Министрлер Кеңесі де Арыс күн тәртібімен елордада жиналды. Жиналыстың артынан мәлімдеме жасаған Асқар Мамин, Арыс қаласының ең қысқа мерзімде қалпына келтірілетінін білдірді.

Қалада өмір сүрген шамамен 41 мың адамның қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар