Түркістан облысында әскери бөлімде жойқын жарылыс

Арыс қаласына орналасқан әскери бөлімде оқ-дәрі қоймасында бірінен соң бірі жойқын жарылыс болды.

1224236
Түркістан облысында әскери бөлімде жойқын жарылыс

Жарылыстардың артынан шыққан өртте 16 адам жарақат алды.

Оқиға аймағына көптеген өрт сөндіру тобы мен жедел жәрдем тобы жіберілді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Токаев әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне қажетті тапсырманы бергенін білдірді.

Тоқаев «Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет» деді.

43 мың адам өмір сүрген Арыс қаласында эвакуациялау жұмыстары басталды.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев оқиға аймағына барып, жарылыстардың мән-жайы жөнінде мағлұмат алды.

Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев жарылыспен байланысты жасаған мәлімдемеде адам шығыны болмағанын білдірді. Құрманбаев жарылыстың себебін анықтау үшін арнайы бір комиссия құрылғанын атап көрсетті.

Түркістан Облысы губернаторы Өмірзақ Шөкеев болса аймақта төтенше жағдай жарияланғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар