Азия лидерлері бас қосады

Азияның 13 лидері Тәжікстанда бас қосады.

Азия лидерлері бас қосады

Азияның 13 лидері Тәжікстанда Азияда Ынтымақтастық және сенім арттыратын шаралар конференциясының Мемлекет және үкімет басшылары 5-ші саммитінде бас қосады.

Душанбеде ертең басталатын екі күндік саммитке ТР президенті Режеп Тайып Ердоған,  Ресей президенті Владимир Путин,  Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин, Иран басшысы Хасан Рухани,  Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов, Бангладеш президенті Абдул Хамид, Шри-Ланка мемлекет басшысы Сирисена және Ауғанстан басшысы Абдуллах Абдуллах қатысады.

Кейбір елдердің басшылары да қонақ болатын саммитте БҰҰ, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы,  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Түркітілдес Мемлекеттер парламенттік Ассамблеясы секілді ұйымдардың өкілдері де орын алады.

Екі жақты кездесулер аясында президент Ердоғанның Ресей президенті Путин, Қытай басшысы Си және Иран президенті Руханимен бас қосуы жоспарланды.

Саммиттің тақырыбы «Сенімді және дамыған аймақтық ортақ көрінісі» деп аталады.

Саммит соңында Душанбе декларациясы қабылданады.



Ұқсас жаңалықтар