Хатайда мұсылман Түркі әлемі бас қосу салтанаты өткізіледі

Хатайдың Яйладағ ауданында мұсылман Түркі әлемі бас қосу салтанатына 19 елден қатысушылар күтілуде.

Хатайда  мұсылман Түркі әлемі бас қосу салтанаты өткізіледі

Хатайдың Яйладағ ауданында 6-7 шілде күндері ұйымдастырылатын Мұсылман Түркі әлемі бас қосу салтанатына 19 елден қатысушылар күтілуде.

Мұсылман Түркі әлемі платформасының төрағасы Исмайл Йылдырым жазбаша мәлімдеме жариялап, өткен жылғы қыркүйек айында тұңғыш рет ұйымдастырылған "Мұсылман Түркі әлемі бас қосу салтанаты" іс-шарасында Яйладағда мыңдаған кісіні күтіп алғандарын білдірді. 

Өткен жылғы іс-шара үшін Кызылгөл өңіріндегі салтанат алаңында жасалған 11 мың 500 текшеметрлік ай жұлдызды көріністің мөлшерін биыл 12 мың 500 текшеметрге кеңейтетіндерін айтқан Йылдырым:

"Хатайдың Яйладағ ауданында 6-7 шілде күндері ұйымдастырылатын Мұсылман Түркі әлемі бас қосу салтанатына 19 елден қонақтарды күтіп отырмыз. Іс-шараларда Түркі мәдениетін суреттейтін көріністермен қоса, атты спорттар, садақ ату сайысы, Мехтеран музыкалық концерті және түрліше түрік топтардың қойылымдары көрсетіледі. Іс-шараның алғашқы күні кеште Түркі әлемі ақындары, екінші күні кеште Ашык Сефаи сахнаға шығады" деп хабарлады.

Йылдырым Мұсылман Түркі әлемінің жұдырықтай жұмылғанын дәріптеу, өзара тәуелділікті бекемдеу мақсатымен өткізілетін салтанатты мерекеге күллі Түркі әлемі толық шақырылғанын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар