Халықаралық бақылаушылар Қазақстандағы сайлауға оң баға берді

ТүрікПа және Түрік Кеңесі бақылаушылары баспасөз мәслихатын өткізді.

Халықаралық бақылаушылар Қазақстандағы сайлауға оң баға берді

Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясы ТүрікПа-ның Сайлау бақылау делегациясы басшысы, Әділет және даму партиясының депутаты Исмет Учма Қазақстандағы президенттік сайлаудың демократиялық атмосферада өткізілгенін айтты.

Қазақстанда болған мерзімнен тыс сайлауды бақылаған ТүрікПа және Түркітілдес мемлекетер Ынтымақтастық кеңесі делегациялары баспасөз мәслихатын өткізді.

Учма Қазақстанда жеті кандидат жарысқан сайлауда бәсекелестік атмосферасының қалыптастырылғанын және гендерлік теңдіктің дамуы бағытында да әйел кандидат болудың маңызды қадам екенін айтты.

Сайлау болған күні халықаралық бақылаушылар Нұр-Сұлтан,  Алматы,  Шымкент және Түркістан секілді қалаларда дауыс беру процесін бақылады. Учма: «Дауыс қолдану және санақ барысында партиялар мен басқа да бақылаушылардың істері қадағаланды. Президенттік сайлау  ел көлемінде тыныш өтті» деді.

Түрік Кеңесі бас хатшысының орынбасары және Нұр-Сұлтан сайлау делегациясының басшысы Гисмат Гозалов та халықтың дауысты еркін қолдануы үшін барлық жағдайдың жасалғанын білдірді. «Заңға сай, жергілікті және халықаралық барлық бақылаушылардың бейтарап жұмыс істеуі үшін мүмкіндіктер жасалғанын байқадық. Сайлауға ұлттық және халықаралық бақылаушылардың қатысуы сайлау науқанының заңдылығы мен ашықтығын күшейте түседі» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар