Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 70,76 пайызы дауыс берді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 70,76 пайызы дауыс берді.

9 маусым күні өткен кезектен тыс президенттік сайлауда Қазақстан сайлаушыларының 70,13 пайызы «Нұр Отан» партиясының кандидаты, іс басындағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап дауыс берді.

«Қоғамдық пікір »  институтының кеңес төрайымы Айнұр Мәжитова ұйымдастырған баспасөз жиналысында мемлекет бойынша 325 сайлау учаскесінде 13 мың  200 сайлаушы арасында қорытындыларға байланысты сауалнама жасағандарын білдіріп, осы бойынша «Нұр Отан» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауыс алғанын мәлімдеді.

Мәжитова Қазақстан Республикасы бойынша Жамбыл Ахметбековтың сайлаушылардың 3,86 пайыз даусын, Қазақстан демократиялық партиясы «Ақ жол» атынан Дания Еспаева сайлаушылардың 5,82 пайыз даусын, «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосановтың сайлаушылардың 15,39 пайыз даусын және «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбековтің сайлаушылардың 3,3 пайыз даусын алғанын баяндады.

Айнүр Мәжитова сонымен қатар Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспиховтың 1,41 пайыз дауыс және «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгелдің болса 0,86 пайыз дауыс алғанын жеткізген.

 

 



Ұқсас жаңалықтар