Айтматовты еске алды

Қаламгердің қабірі басында дұға оқылды.

Айтматовты еске алды

Әлемге танымал қырғыз қаламгер Шыңғыс Айтматов еске алынды.

Қырғызстанның бас қаласы Бішкектегі Ата Бейіт ескерткіш комплексіндегі қабіріне барған азаматтар шебер жазушыны қайтыс болғанына 11 жыл толуына орай еске алды.

Ұлттық Ғылым академиясының ғимаратында жалғасқан бағдарламада жазушы туралы естеліктер тілге тиек етіліп,  ол жөнінде түсірілген деректі фильм көрсетілді.

Шыңғыс Айтматов Талас қаласының Шекер ауылында 1928 жылдың 12 желтоқсан күні дүниеге келген еді. Әдеби шығармашылығымен қоса елінің түрлі елдердегі өкілетті елшісі ретінде де қызмет еткен Айтматов Еуропа Одағы,  НАТО, ЮНЕСКО секілді халықаралық ұйымдарда еліне өкілдік қылды.

Туындылары әлемнің 157 тіліне аударылған қаламгер 2008 жылы 10 маусым күні дүниеден өткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар