Литва парламенті Қырым Татар сүргінін "қырғын" деп таныды

Литва парламенті Қырым Татар сүргінін "қырғын" деп таныған заң жобасын бекітті.

Литва парламенті Қырым Татар сүргінін "қырғын" деп таныды

Литва Сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс әлеуметтік медиа парақшасынан Қырым татарларының 1944 жылы 18 мамыр сүргінін Литва парламенті "қырғын" деп танығанын жариялады.

Министр Линкявичюс твиттерден «Литва парламенті бүгін Тоталитарлық Сталинист режим тарапынан 75 жыл бұрын Қырым татарларының жаппай сүргінін қырғын ретінде қабылдады. Литва Қырым татарларының Ресей заңсыз түрде басып алған Қырымдағы құқықтарын қорғауды жалғастырады» деді.

Парламенттегі дауыс беруде 78 депутаттың 77-сі заңды қабылдады. 1 депутат қалыс қалды.

Мәлімдемеде парламентте қабылданған Қырым Татар сүргіні шешімімен Ресей Федерациясының 2014 жылы Қырымды басып алып аннекциялауы да айыпталды.



Ұқсас жаңалықтар