Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен кездесті

Тоқаев пен Жээнбековтың кездесуінде екі жақтылы ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы байланыстар қолға алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен кездесті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия Жоғарғы Экономикалық кеңесінің жиналысына қатысу мақсатымен Қазақстанға келген Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті.

Тоқаев пен Жээнбековтың кездесуінде екі жақтылы ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы байланыстар қолға алынды. 

Тоқаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың күшейгенін білдіріп:

"Біз үкіметтер мен парламенттер арасындағы өреде байланыстар жасаудамыз. Халықаралық және аймақтық ұйымдардағы талпыныстарымызды ымырамен жүргізудеміз. Тәуелсіздік жылдарында құрылған тату қарым-қатынастарымызды бекемдей түсу мақсатымен қолымнан келгенді істеуге дайынмын" деп көрсетті. 

Жээнбеков сөзінде көрші және бауырлас Қазақстанмен ынтымақтастықты бекемдеуді қалайтындарын тілге тиек етіп,  үкіметтерарасы жол картасының атқарылуына байланысты жұмыстардың жалғасып жатқанына назар аударды. 



Ұқсас жаңалықтар