Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкомен кездесті

Лукашенко Тоқаевке меңзеп: "Сізбен ынтымақтастықтың нақтылы салаларда даму көрсететініне сенемін" деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкомен кездесті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия Жоғарғы Экономикалық кеңесінің жиналысына қатысу мақсатымен Қазақстанға келген Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкомен кездесуінде Беларусьтің табыстары мен дамуларын қадағалап отырғандарын тілге тиек етіп, Лукашенконың ұзақ уақыттан бері президенттік міндетін атқарғанын және елінің жасырын күштері мен әкімшілігін бекемдеу мақсатымен қолынан келген еңбекті көрсеткенін баса дәріптеді.  

Александр Лукашенко Қазақстанда болып жатқан саяси процестерді болымды деп қарайтындарын, Нұрсұлтан Назарбаевтың және Тоқаевтің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында маңызды рол атқарғанын айтты.

Екі ел қарым-қатынастарының әрқашан тамаша болатынына меңзеген Лукашенко Тоқаевке:

"Сізбен ынтымақтастықтың нақтылы салаларда даму көрсететініне сенемін" деді.



Ұқсас жаңалықтар