Әзірбайжан Республикасы 101 жаста

Әзірбайжанда 1918 жыл 28 мамыр күні жарияланған республиканың 101 жылдығы тойлануда.

Әзірбайжан Республикасы 101 жаста

Мерекелік іс-шара аясында президент Ильхам Әлиев Бакуде Республика ескерткіші алдында ұйымдастырылған рәсімге қатысты. Әзірбайжан ұлттық әнұраны орындалған рәсімнің ашылуында Әлиев ескерткішке гүл шоғын қойды.

Республика күніне орай АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Қытай, Сан Марино, Болгария, Италия, Түрікменстан, Мысыр, Қазақстан, Алжир, Қырғызстан, Тәжікстан, Куба, Бельгия, Сауд Арабиясы, Ирак, Үндістан, Ауғанстан, Австрия, Өзбекстан, Швеция және Оңтүстік Корея президенттері немесе жоғары деңгейлі лауазымдылары Әлиевті құттықтады.

Президент Режеп Тайып Ердоған да мерекеге орай Әлиевті құттықтады.

Әзірбайжан Республикасының тәуелсіздігі 1918 жылы 28 мамыр күні Грузияның Тбилиси қаласында Мехмет Эмин Рәсулзаденің басшылығындағы Әзірбайжан Мәжілісі тарапынан жарияланды.

Баку армян және большевик бандаларының басқыншылығы астында болғандықтан Фетхали Хан Хойский басшылығында құрылған уақытша Әзірбайжан үкіметі жұмыстарын қысқа мерзімге Гендже қаласынан жалғастырды.

Әзірбайжанның тәуелсіздігін алғаш Османлы мемлекеті таныды. Екі ел арасында жасалған келісім аясында уақыт өткен сайын артып отырған армян мен большевик қаупіне қарсы Нури Паша (Киллигил) қол басшылығындағы Кавказ Ислам Армиясы көмекке барды. Гөкчай, Салян, Ағсу және Күрдемирді Большевик күштері мен армяндардан тазалап, 1918 жылы 15 қыркүйек күні Бакуді құтқарды. Соғыста 1 мың 130 әскері шәйіт болды.

Шығыстың алғаш демократиялық республикасы болып қабылданған Әзірбайжанда қысқа уақытта оқу, дін мен ұждан еркіндігі салаларында реформалар жасалды. Ел өз ұлттық валютасын басып шығарды.



Ұқсас жаңалықтар