СКТР-да коалиция үкіметі үшін келісім жасалды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында Ұлттық Бірлік партиясы және Халық партиясы коалиция үкіметін құру үшін келісті.

1205985
СКТР-да коалиция үкіметі үшін келісім жасалды

Түрік агенттігі Кипрдың хабарына қарағанда екі партия бүгін мәжілісте үкімет хаттамасын бекітеді. Артынан Министрлер кеңесі тізімі президент Мұстафа Акынджыға ұсынылады.

Ұлттық Бірлік партиясының коалиция үкіметін құру жөніндегі партия төрағасы Эрсин Татарға берілген толық жауапкершілік аясында Халық партиясымен жүргізілген келіссөздердің нәтижесі партия мәжілісімен бөлісілді.

Халық партиясы ортақ коалиция үкіметін құру шешімін 40 дауыспен қабылданса, дауыс беруде 20 қарсы дауыс шықты.

8 мамыр күні Демократ партиясы төрағасы және Қаржы министрі Сердар Денкташ министрлік міндетінен отставкаға кеткен, артынан 4 партия құрған коалиция үкіметі тарқаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар