Сириядан жеткізілген 20 Қазақстан азаматы ұсталды

Сириядан өткен аптада қайтарылған Қазақстан азаматтарынан 4 әйел, жалпы 20 кісі террористтік ұйым ДАИШ-пен байланысы болғаны күдігімен ұсталды.

Сириядан жеткізілген 20 Қазақстан азаматы ұсталды

Сириядан өткен аптада елге қайтарылған Қазақстан азаматтарынан 4 әйел, жалпы 20 кісі террористтік ұйым ДАИШ-пен байланысы болғаны күдігімен ұсталды.

Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің жауаптысы Бақытбек Рахимбердиев ұйымдастырған баспасөз мәслихатында 7-9 мамырда Сириядан босатылған 231 кісіден 4 әйелді қамтыған 20 кісінің ДАИШ-пен байланысы болғаны күдігімен ұсталғанын білдірді.

Ұсталған адамдардың Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы жаза тергеу орталықтарына жолданғанын білдірген Рахимбердиев аталмыш адамдардың ерікті түрде елге қайтуға шешім жасағандарын, кейбіреулерінің жаза жауапкерлігін арқалауға дайын екенін тілге тиек етті.

Бақытбек Рахимбердиев елге қайтарылған 55 әйел және 156 баланың Ақтау қаласындағы арнаулы бейімдеу орталығына бір айға орналастырылғанын, денсаулық бақылауынан өткенін, сонымен бірге, психолог пен діни мамандардың бірге жұмыстанып жатқанын жеткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қаңтар айында ұйымдастырылған Жусан операциясының жалғасы болып келетін  Жусан-2 операциясы 7-9 мамырда өткізіліп, Сириядан 156 баланы қамтыған 231 Қазақстан азаматы қайтарылған болатын. 

Қаңтар айындағы операцияда 30 баланы қамтыған 47 қазақ  Сириядан еліне қайтарылған еді.  



Ұқсас жаңалықтар