Татар жігіт Түркияда автостоппен қыдырып жүр

20 жасар студент Родион Кадиров Кастамонуның Ханөнү ауданында демалды.

1200163
Татар жігіт Түркияда автостоппен қыдырып жүр
tatar.jpg

Автостоппен Түркияда қыдырып жүрген татар жігіт Кастамонуда үзіліс берді.

20 жасар студент Родион Кадиров Кастамонуның Ханөнү ауданында демалды.

Жас жігіт шамамен бір жарым жыл бұрын елінен Анталияға ұшақпен келді.  Енді ол Түркияда автостоп арқылы Кемер,  Финике,  Каш,  Фетхие,  Измир,  Денизли, Памуккале,  Ыспарта,  Аксарай, Невшехир, Анкара,  Стамбул,  Болу және Сафранболу қалаларын алады.

Кастамонуның Ханөнү ауданында оны аудан басшысы Серкан Учар қонақ қылып, күткен.

Түркияда еш қиналмағанын айтқан жігіт: «Көптеген көлікке міндім, көптеген жерді араладым.  Көптеген адаммен таныстым.  Тарихи, туристік жерлерді көру мүмкіндігім болды.  Жолда көлік тоқтатамын. Жолда мені көліктеріне алады,  кейбірі тамақ ұсынады, тіпті ақша беретін түріктер де болады» деді.

Қазірге дейін 3500 км жол жүргенін білдірген Кадиров Батуми арқылы Грузияға баратынын,  Армения,  Әзірбайжан және Ресей арқылы Татарстанға жететінін атап көрсетті.

Ханөнү ауданында демалған студент жігіт енді Синоп қаласына қарай жолға шықты.



Ұқсас жаңалықтар