Қытай мешіттерді қиратып жатыр

100 мешіт немесе мазар анықталып,  соңғы жағдайлары тексерілді.

Қытай мешіттерді қиратып жатыр

Шыңжаң Ұйғыр автономдық аймағында арасында жүздеген жылдық мешіт пен мазарлар да бар 33 діни мекенді қиратқаны алға тартылды.

Ағылшын Guardian және Bellingcat парақшасының хабарына қарағанда Қытайда ұйғырлардың мешіттерінің құлатылғаны жөнінде жаңа деректер табылды. Спутниктен көріністері, аймақ тұрғындары және карта құралдарымен 100 мешіт немесе мазар анықталып,  соңғы жағдайлары тексерілді.

Күмбез және мұнара секілді анық көрінетін ерекшеліктері бар 91 ғимараттың 31 мешіт пен екі үлкен мазардың 2016-2018 жылдар арасында зиян көргені анықталды.

Айырықша Шыңжаң Ұйғыр автономдық аймағында мешіт екені айтылған 9 ғимараттың да жойылып кеткені көрінді.

ТР Сыртқы істер министрлігі үйғырларға бағытталған жүйелі ассимиляция саясатының адамзаттың үлкен ұяты екенін атап көрсеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар