Түркия мен Әзірбайжан әскери жаттығуы Бакуде өткізілді

Екі ел арасындағы әскери жаттығудың үшінші және соңғы күнінде атқарылған міндеттер нағыз соғыс сахнасына ұқсады.

Түркия мен Әзірбайжан әскери жаттығуы Бакуде өткізілді

Түрік және Әзірбайжан Қарулы күштерінің Әзірбайжанда басталған ортақ әскери жаттығуында жаудікі ретінде қолданылған нысандар құрлық пен әуеден атқыланды.

Екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық аясында қарулы күштердің координациясын бекемдеу мақсатындағы әскери жаттығудың үшінші және соңғы күнінде атқарылған міндеттер нағыз соғыс сахнасына ұқсады.

Баку маңындағы әскери жаттығу алаңында өткізілген жаттығуға Түркиядан 85, жалпы мың әскер, 60 танк пен сауытты көлік, 30 зеңбірек пен 20 шабуыл және тасымал тікұшағы қатысты.  

Әскери жаттығу биіктіктегі жау нысандарына зеңбірек және тікұшақтан оқ атумен басталды.

Зеңбірек және әуеден шабуылдардан кейін танк пен сауытты көліктер жау нысандарына оқ атып, шабуылға өтті. Жау нысаналары күйретілді және тікұшақтармен жау шебіне жеткізілген әскерлер аймақты қолға түсірді.

Әскери жаттығу жаралы деп есептелген әскерлердің тікұшақтармен аймақтан шығарылуымен аяқталды. 



Ұқсас жаңалықтар