Өзбекстанның сыртқы саудасы артты

Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 27,2 пайыз артты.

Өзбекстанның сыртқы саудасы артты

Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы жылдың алғашқи ширегінде 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,2 пайыз артты. Сауда айналымы 9 миллиард 406,2 миллион долларға жетті.

Өзбекстан Мемлекеттік Статистика комитетінің хабарламасына қарағанда,  жылдың алғашқы үш айында Өзбекстанның экспорты 20,6 пайыз артып, 4 миллиард 132,7 миллион доллар болды.  Импорты 32,9 пайыз артып, 5 миллиард 273,5 миллион доллар болды.

Жылдың алғашқы ширегінде Өзбекстан экспортында бірінші орында алтын,  энергия және мұнай өнімдері,  азық-түлік,  түсті металдер мен қызмет саласы келеді.  Импортында болса басты орында машина және жабдықтары,  химия өнімдері, түсті метал келеді.



Ұқсас жаңалықтар