Ашык Вейселді еске алу жылы ашылды

125 жылдығында Ашык Вейселді еске алу жылы шеңберінде концерт ұйымдастырылды.

Aşık_Veysel_Türksoy_Turksoy_kazakca
Aşık_Veysel_Türksoy_Turksoy_kazakca

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой жариялаған 2019 – 125-жылдығында Ашык Вейселді еске алу жылы шеңберінде концерт ұйымдастырылды.

Түркия Президенттік симфония оркестрінің концерттік залында болған концертке Анкарадағы дипломатиялық миссия басшылары,  Түркі республикаларынан қонақтар мен өнер сүйер қауым қатысты.

Түріксой бас хатшысы Дүйсен Қасейінов беташарда сөйлеген сөзінде түркі әлемінің тамырлы музыка дәстүрімен әлем музыкасы қазынасына үлкен үлес қосқанын айтты.

Дүйсен Қасейінов түрік әлемінің мәдениет және өнер тұрмысына өшпес туындылар сыйлаған ұлы тұлғаларды таныстыру және болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатымен еске алу жылын жариялаған Түріксойдың 2019 жылды Әзірбайжанның ұлы ақыны Имамеддин Нәсимидің 650 жылдығына Нәсимиді еске алу және атақты түрік ақын-жырауы Ашык Вейселдің 125 жылдығына орай Ашык Вейселді еске алу жылы деп жарияланғанын білдірді.

«Ашык Вейсел көзімен көре алмағандарын көңілімен көрген халық ақыны. Ол тек ақын емес, ойшыл деп айтуымызға болады» деді ол.

Концерттік бағдарламада Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан,  Башқұртстан, Татарстан,  Өзбекстан, Моңғолстан және Түркиядан 80-нен астам өнер қайраткері өнер көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар