Түркия мен Әзірбайжан бірігіп жаттығу өткізеді

Жаттығуға қатысатын түрік әскерлері Әзірбайжанға барып жетті.

1187948
Түркия мен Әзірбайжан бірігіп жаттығу өткізеді

Түркия мен Әзірбайжан Қарулы күштері 1-3 мамырда Әзірбайжанда бірігіп әскери жаттығу өткізеді.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің хабарламасына қарағанда,  екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық шеңберінде өтетін жаттығуға қатысатын түрік әскерлері Әзірбайжанға барып жетті.

«Мұстафа Кемал Ататүрік 2019» деп аталған жаттығуға қатысатын жасақтар рәсіммен қарсы алынды.

Жаттығуда тәжірибе бөлісіліп,  екі ел қарулы күштері арасындағы координацияның жетілдірілуі мақсат етілген.

Ортақ жаттығуда әскери жасақтармен бірге сауытты көліктер, зеңбірек батарреялары,  минометтер, ұшақ және тікұшақтар, әуе қорғаныс жүйелері де орын алады.



Ұқсас жаңалықтар