Сирия жиналысы 25 сәуір күні басталады

Жиналысқа БҰҰ және Иордания делегациялары бақылаушы ретінде қатысады.

Сирия жиналысы 25 сәуір күні басталады

Сирия тақырыбындағы Кепілгерлердің 12-ші жиналысы 25-26 сәуір күндері аралығында Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда болады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарламасына қарағанда,  Түркия,  Ресей және Иранмен бірге Башар Асад әкімшілігі мен оппозиция делегациясы қатысатын Сирия жиналысы 25-26 сәуір күндерінде өтеді.

Жиналысқа БҰҰ және Иордания делегациялары бақылаушы ретінде қатысады. Идлиб, Сирияның солтүстік шығысы, қақтығысқан тараптар арасында сенім арттыратын шаралар,  босқындардың елдеріне оралуы,  гуманитарлық жағдай және соғыстан кейінгі қайта құру жұмыстары тақырыптары қолға алынады.

Айырықша жиналыстан бұрынғы техникалық кездесулерде Атазаң комитетінің қалыптастырылуына байланысты жұмыстың тамамдалуы мен жаңа бақылаушы мемлекеттердің қатысуы тақырыптары қаралады. 25 сәуір күні жиналыс екі жақты және үштік форматта өтеді. 26 сәуір күні негізгі отырыс ұйымдастырылады.



Ұқсас жаңалықтар