Қазақстанда президенттік сайлауы 9 маусымда өтеді

Қазақстан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік сайлаудың 9 маусымында өткізілетінін жариялады.

1179788
Қазақстанда президенттік сайлауы 9 маусымда өтеді

Қазақстанда президенттік сайлауы 9 маусымда өтеді.

Қазақстан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының 2019 жылдың 9 маусымында өткізілетінін жариялады.

Тоқаев  республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдады. Тоқаев жолдауында «Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым» деді.

Құрушы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында бір мемлекет құрғанын айтқан Тоқаев «Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды» деген сөздер қолданды.

Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдаудың өте маңызды екенін түсіндірген Тоқаев «Елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет. Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек» деді.

Қазақстанның демократиялық бір мемлекет екенін және Президенттің халықтың таңдауымен сайланатынын баяндаған Тоқаев «Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін» деді.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  халыққа үндеуінен кейін Президентінің кезектен тыс сайлауының 9 маусымында өткізу туралы қаулыға қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар