Өзбекстаннан маңызды ұсыныс

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов ресми Кабулға барды.

1174855
Өзбекстаннан маңызды ұсыныс

Өзбекстан ауған үкіметі мен Талибан арасында тікелей бейбітшілік келіссөздеріне мекен болуға дайын екенін хабарлады.

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов ресми байланыстармен Ауғанстанның бас қаласы Кабулға барды.

Ауғанстан президенті Ашраф ғани Камилов және жанындағы делегацияны қабылдады.

Президент Ғани аймақ елдері арасында бірігіп жұмыс жүргізудің аймақ тұрақтылығы үшін маңызды екенін айтты.

Ғани Ауғанстанда бейбітшілік орнауы үшін Өзбекстанға алғыс айтты.

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Камилов та «Талибан қабылдаса,  ауған үкіметі мен Талибан арасында бейбітшілік келіссөзін өткізуге дайынбыз» деді.

Өзбекстанның Ауғанстандағы бейбітшілік процесіне қолдау бергенін айтқан Камилов елінің айырықша Ауғанстанмен экономикалық-сауда және қатынас секторларында да қарым-қатынасты жетілдіргісі келетінін атап көрсетті.

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловқа сапарында Өзбекстан Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің кеңесшісі Виктор Махмудов серік болуда.



Ұқсас жаңалықтар