Нұр-Сұлтан қаласы «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысты

Нұр-Сұлтан «Жер сағаты» дәстүрлі халықаралық экологиялық акциясына қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласы «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысты

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан «Жер сағаты» дәстүрлі халықаралық экологиялық акциясына қатысты.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) тарапынан климат өзгерісіне назар аудару мақсатты жыл сайын ұйымдастырылған «Жер сағаты» акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бәйтерек» Монументі, «Ақорда» Президенттік резиденциясы, Үкімет ғимараттары, «Нұр-Әлем» сферасы, «VEGASilkWay» COO, «Астана опера» опера және балет театры, «Қазақстан темір жолы» РМК әкімшілік ғимараты, Әзірет Сұлтан мешіті, Бейбітшілік және келісім мұражайы т.б. ғимараттардың жарықтары 1 сағат бойынша өшірілді.

Сауда орталықтарында қоғамды үйлеріндегі жарықты 1 сағатқа өшіруге шақырған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы басқарма төрайымыАйгүл Соловьева Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемеде елінде «Жер сағаты» іс-шарасын 10-шы рет ұйымдастырғандарын атап, «Мақсатымыз климат өзгерісіне қоғамның назарын аудару. Бір сағатқа жарықтарды өшіріп, жаһандық ысынудың алдын алуға үлес қосамыз» деді.

Қазақстанда климат өзгерісіне қарсы ауқымды шаралар қабылданғанын атап көрсеткен Соловьева қоршаған ортаның тазартылуын қамтыған заңдардың қабылданғанын, Халықаралық жасыл технология орталығының қызметін бастағанын атап көрсетті.

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) тарапынан 2007 жылы басталған және жыл сайын жүргізілген «Жер сағаты» акциясына қазірге дейін 175 ел қосылғанда, іс-шаралар аясында әлемнің ең үлкен қалаларындағы маңызды ескерткіштер мен ғимараттардың жарықтары 1 сағат бойынша өшіріледі.



Ұқсас жаңалықтар