Наурыз мерекесі Ескишехирде салтанатты түрде тойлануда

Наурыз мерекесі түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасы болып табылады.

Наурыз мерекесі Ескишехирде салтанатты түрде тойлануда

Наурыз мерекесі Ескишехирде салтанатты түрде тойлануда.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы Наурыз мерекесіне орай Ескишехирде түрлі іс-шаралар ұйымдастырды.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы тарапынан Ескишехирде ұйымдастырылған Наурыз мерекесі тойлаулары Президент орынбасары Фуат Октай, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы төрағасы Абдуллах Ерен, Ескишехир депутаты Наби Авжы, Анадолы Университеті ректоры профессор Шафак Ертан Чомаклы, ТРТ Бас директоры Ибрахим Ерен, Түркі Әлемінің өкілдері және студенттердің қатысуымен өткізілді.

Наурыз мерекесі түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасы болып табылады.

Орталық Азиядан Балканға дейінгі кең байтақ географияда тойланған Наурыздың барша адам баласына жақсылық әкелуін тілеген Президент орынбасары Фуат Октай «Наурыз мерекесі Ата жұрт Түркістаннан жалғасып келген ұлттық мереке. Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі саналады. Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!» деді.

Түркия Әлемнің Наурызы үшін күресуде. Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы төрағасы Абдуллах Ерен болса, Түркияның барша әлемнің достық көпірі болғанын атап өтті. Ерен «Біз бір ұлы империяның ұрпақтарымыз. Әлемнің әр жерінде түріктер және ағайын қауымдастар өмір сүруде. Әлемнің төрт бұрышында түркі тілдерінде сөйлейтін бауырларымыз бар» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар