Назарбаевтың халыққа үндеуі

"Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы міндетім – басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету” деді.

Назарбаевтың халыққа үндеуі

Президенттік міндетінен кететінін білдірген Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Маған ұлы халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға – халқыма зор ризашылығымды білдіріп, басымды иемін” деді.

Назарбаев халыққа үндеуінде өзі үшін Қазақстан Республикасының өкілеттіктерін тоқтату секілді қиын шешім қабылдағанын айтып,  міндетін 30 жыл атқарғанын еске салды.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін экономикасы мен саясаты қиын жағдайда болған елдің басшысы болғанын еске салған Назарбаев қоғамның барлық институттарын заманауи деңгейге келтіріп, демократиялық ел құру үшін жұмыстанғандарын тілге тиек етті.

«Соның нәтижесінде экономикамызды 15 есе, ал халықтың табысын 9 есе (доллармен есептегенде) арттырып, кедейшілік деңгейін 10 есеге жуық қысқарта алдық” деді ол.

Назарбаев «Қазақстан тек аумағы жағынан ғана ірі мемлекетке айналған жоқ. Бүгінде азаматтарымыздың саны 18 миллионнан асты. 20 миллионға жететін күн де алыс емес.

Еліміздің тарихында алғаш рет өз елордамызды тұрғыздық. Астана – барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің жарқын көрінісі” деді.

Елбасы міндеттен кеткеніне қарамастан Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Нұр Отан партиясының басшысы және Конституциялық Кеңестің мүшелігі міндеттерін жалғастыра беретінін айтып: «Яғни өздеріңізбен бірге боламын. Еліміздің, халқымыздың қамы – менің мүддем болып қала береді. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы міндетім – басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету” деді.
 

 



Ұқсас жаңалықтар