"Алтын адам" Қазанда көрмеге қойылады

Қазақстанның «Алтын адамдары» Татарстанның бас қаласы Қазанда көрмеге қойылады.

1162309
"Алтын адам" Қазанда көрмеге қойылады

Қазақстанның «Алтын адамдары» Татарстанның бас қаласы Қазанда көрмеге қойылады.

«Ұлы дала: Тарихы және мәдениеті» атты көрме Қазан Кремлі Мемлекеттік Резерв мұражайында 15 наурыз күні ашылады.

Қазақстан Ұлттық мұражайының ұйымдастыруымен ашылатын көрмеге Алматы маңында Есік қорғанында бұдан 2500 жыл бұрын алтын киімдерімен көмілген Сақ ханзадасының бұйымдары қойылады.

Айырықша көрмеде елдің түрлі аймақтарында қазбаларда табылған «Алтын адамдар» және олардың бұйымдары да орын алады.

Әлем экономикасының негізін қалаған кен шаруашылығы,  металлургия және қол өнері дамыған қазақ даласының жетістіктерін паш ететін көрмені Қазан қаласы тұрғындары мен қонақтары 15 сәуір күніне дейін аралай алады.

Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің «Алтын адамның әлем мұражайларына шеруі»  халықаралық жобасы аясында Татарстанда ашылатын көрменің алдымыздағы уақытта Түркияда да ұйымдастырылатыны білдірілді.

Мейрамгүл Құспан

TRT Астана кеңсесі



Ұқсас жаңалықтар