Террористті Түркияға қайтарады

Әзірбайжанда ұсталған бөлшектеуші террор ұйымы мүшесі Өзгүр Думанның Түркияға қайтарылуына шешім берілді.

1159315
Террористті Түркияға қайтарады

Әзірбайжанда ұсталған бөлшектеуші террор ұйымы мүшесі Өзгүр Думанның Түркияға қайтарылуына шешім берілді.

Баку Ауыр қылмыс сотында түрік азаматы террорист Өзгүр Думанның еліне қайтарылуы ісі қаралды.  Соттық отырыста террористтің Түркияға қайтарылуына үкім берілді.

Террорлық ұйым PKK-ға мүше болу және жарылғыш дайындау қылмыстарынан іздеу салынған Думан Түркиядан Грузияға қашқан болатын.

Түркия халықаралық іздеу шешімін жариялағаннан кейін Әзірбайжанға барған террорист Әзірбайжан мемлекеттік босқын кеңсесіне өтініш беріп,  Сирия азаматы екенін алға тартты.

Жалған айтқаны және террорлық ұйым мүшесі екені анықталған террористтің қылмыстық ісі басталған еді.



Ұқсас жаңалықтар