"Сәдуақас Ғылмани және Ұлы дала ғалымдары" ғылыми конференциясы

"Заманымызда болған ғұламалардың өмір тарихы" атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

"Сәдуақас Ғылмани және Ұлы дала ғалымдары" ғылыми конференциясы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ЕҰУ және Ислам Ынтымақтастық ұйымы жанындағы Тарих, мәдениет және өнерді зерттеу ғылыми орталығының (IRCICA, OIC) ұйымдастыруымен "Сәдуақас Ғылмани және Ұлы дала ғалымдары" атты халықаралық конференция болып өтті.

Астанадағы ғылыми конференцияға 70-тен астам ғалым қатысты.

Конференция барысында Сәдуақас Ғылманидың өмірі мен шығармашылығы; исламның интеллектуалдық дәстүрлерін әдіснамалық зерттеу; гуманитарлық ғылымның өзекті міндеттерінің бірі ретінде жазбаша діни мұраны зерттеу; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды ескере отырып, арабографиялық қолжазба көздерін каталогтау мәселелері талқыланды.

Халықаралық конференция аясында Сәдуақас Ғылмани "Заманымызда болған ғұламалардың өмір тарихы" атты кітабының тұсаукесер рәсімі де өтті.

Екі тел басылған кітаптың тұсаукесеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы, Ислам Ынтымақтастық ұйымы жанындағы Тарих, мәдениет және өнерді зерттеу ғылыми орталығының (IRCICA, OIC) бас директоры Халит Эрен, орталықтың  аға ғылыми қызметкері Әшірбек Муминов, Ұлттық кітапхананың сирек қорлар бөлімінің қызметкері Толқын Зәмзаева, ҚР ҰҒА академиктері Сейіт Қасқабасов, Болат Көмеков, Ғарифолла Есім, Дихан Қамзабекұлы және филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, әлеуметтанушы ғалым Кеңшілік Тиышқан қатысты.

Конференция шеңберінде Сәдуақас Ғылманидің қызы Үкіжан Садуақасқызына IRCICA марапаты табыс етілді.



Ұқсас жаңалықтар