Әлеуметтік қауіпсіздік келісімін бекітті

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Түркия мен Қырғыз Республикасы арасында қол қойылған келісімді бекітті.

1136498
Әлеуметтік қауіпсіздік келісімін бекітті

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Анкарада 2018 жылдың 9 сәуір күні Түркия мен Қырғыз Республикасы арасында қол қойылған әлеуметтік қауіпсіздік келісімін бекітті.

Келісім Түркиядағы қырғызстандықтар мен Қырғызстандағы түріктер үшін өзара зейнет демалысы құқығының қолданылуы секілді еңбек саласында екі ел арасында теңдік пен жеңілдік қамдалуын көздейді.

Түркияда жұмыс істейтін Қырғызстан азаматтары мен Қырғызстанда жұмыс істейтін түрік азаматтары көптен күткен келісім жұмысқа орналастыруда да жеңілдік болады. Келісім арқылы екі ел азаматтары мен қызметкерлерінің әлеуметтік қауіпсіздік құқықтары қорғалады.  

Осы шеңберде мүгедектік,  қарттық, өлім,  еңбек барысындағы апат және кәсіптік аурулар мен науқас және босану сақтандыруларын қамтитын келісім тарап елдердің заңдарына сай жүзеге асырылады.



Ұқсас жаңалықтар