Өзбекстан экономикасы өсті

Өзбекстан экономикасы 2018 жылы 5,1 пайыз өсті.

1133202
Өзбекстан экономикасы өсті

Өзбекстан экономикасы 2018 жылы 5,1 пайыз өсті.

Өзбекстан Мемлекеттік статистика комитетінің хабарламасына қарағанда,  2017 жылы 5,3 пайыз өскен ел ұлттық табысы былтыр 5,1 пайыз артып, 407 триллион 514,5 миллиард сомға жетті.

Адам басына шаққандағы ұлттық табыс 2018 жылы 3,3 пайыз артып, 12 миллион 365,5 мың сом болды.

Былтыр өнеркәсіп саласы 10,6, егіншілік, орман және балық шаруашылығы 0,3, құрылыс саласы 9,9, тасымал,  коммуникация және логистика саласы 6,3 және қызмет саласы 5,4 пайыз өсті.

Өзбек үкіметі 2018 жылы ұлттық табыстың 5, Бүкіләлемдік банк 5,6 пайыз артуын болжаған еді.



Ұқсас жаңалықтар