Ұлттық кітапханада түркология оқу залы ашылды

«Қазақстанның қазіргі даму үдерісіндегі түркітану ғылымы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

1113786
Ұлттық кітапханада түркология оқу залы ашылды

Астана қаласында Ұлттық кітапханада түркология оқу залы ашылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көтерілген «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» деген жоба аясында ашылған залдың беташар салтанатына Қазақстан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркияның елшілігінің білім консультанты Абдулмутталиб Четин, көптеген түркітанушы және қонақтар қатысты.

Салтанатты рәсімде «Қазақстанның қазіргі даму үдерісіндегі түркітану ғылымы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Сондай-ақ жиын барысында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде  басылып шыққан дүние жүзі түркологиясының тарихына арналған «ТҮРКОЛОГИЯ. Дүниежүзі түркологиясының тарихы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі де болып өтті.



Ұқсас жаңалықтар